Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады, – деп хабаралайды El.kz.
Кездесуде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен алдағы уақыттағы өзара іс-әрекетінің негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады.
Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс