Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіОСК комиссияның орталығында ТМД атқару комитетінің халықаралық сайлау бойынша мүшелері БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін өткізді, деп хабарлайды El.kz
Комитет байқаушылары елімізде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлауын бақыламақ.
ТМД атқарушы хатшысының атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхам Нематов ТМД атқару комитетінен 100-ден астам бақылаушы Президент сайлауының дұрыс әрі әділ өтуіне атсалысатынын айтты.
"ТМД-дан байқаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлауды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын байқауда үлкен жұмыс тәжірибесіне ие. Бүгін біз сайлауды бақылаушыларды бөлумен айналысатын штаб ашып отырмыз. Миссияны ТМД атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев басқарады. Мүшелікке Достастық елдерінің барлық өкілдері кіреді. Барлығы 100-ден астам адам», - деді ТМД атқарушы хатшысының атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхам Нематов.
Сондай-ақ, ол ТМД Миссиясының бақылаушыларының ішінен 10 адам 27 қазан мен 21 қараша аралығында ұзақ мерзімді бақылау жүргізетінін атап өтті.
Қалған бақылаушылар қысқа мерзімді бақылау жүргізеді және сайлау қарсаңында келеді. Орталық сайлау комиссиясы 23 бақылаушыны аккредиттеді.
Кеше, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы