23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды El.kz.
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы атынан ұсынылғанын еске салды.
ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдегендей, ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.
Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты.
«Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік