13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Қазақстан Президенті Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Съездің биік мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін оларға ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ақпан айында өзінің Татарстанға сапарын еске алды және оларды Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1100 жыл толуымен құттықтады.
Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғаның Татарстан мұсылмандары жамағаты мен Ресейдің барша көпконфессиялы халқы үшін маңызы зор. Президент VII съездің күрделі кезеңде өтіп жатқанын атап өтіп, халықаралық қоғамдастықты біріктіру үшін конфессияаралық диалогты нығайту маңызды екенін айтты.
Равиль Гайнутдинов пен Камиль Самигуллин кездесу өткізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, VII съездің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды