23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысының Жарлығымен азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мына өзгерістер енгізуді қаулы етті:
— жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанна Бейсентайқызы Асанова (келісім бойынша), заң ғылымдарының докторы Индира Оралқызы Әубәкірова (келісім бойынша) енгізілсін;
— аталған комиссия құрамынан А. И. Лукин мен Т.Е.Қаудыров шығарылсын.
Құжат өз күшіне енді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік