Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысынан кейін өрт сөндіруге жұмылдырылған құтқарушылармен және еріктілермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы табиғи апатты ауыздықтауға атсалысқан құтқарушылар мен еріктілерге алғыс айтқан.
Баршаңызға алғыс айтамын. Еріктілер, сіздерге де ризамын. Жарайсыздар. Сіздердің сіңірген еңбектеріңіз мемлекет тарапынан елеусіз қалмайды. Үлкен апат болды. 14 адам қаза тапты. Жаңа ғана азаматтармен кездестім. Өте ауыр жағдай. Сондықтан осындай қасіретті апат кезінде бәріміз бір халық, бір ұлт болып бірге жұмыс істеуіміз керек. Жаңа ғана кеңес өтті. Ұйымдастыру шараларын талқыладық. Ең бастысы, біз осы төтенше жағдайды, әсіресе өртті адам шығынына жол бермей, уақытылы, тез ауыздықтай білуіміз керек. Аман болыңыздар, – деді Президент.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары