12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық педагогтер съезінде мектепте хиджаб кию мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мен қоғамда жиі талқыланатын тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. Қазақстан - Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс. Мектеп - ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін барады. Ал діни ұстаным - әр азаматтың жеке мәселесі, өз таңдауы. Елімізде дін бостандығына заңмен кепілдік берілген. Балаларымыз есейіп, дүниетанымы толық қалыптасқан соң өз таңдауын жасағаны дұрыс деп санаймын. Ең бастысы, көзқарасы айқын, санасы сергек әрі дәстүрге берік ұрпақ тәрбиелеу керек, - деді Президент.
Оның айтуынша, жалпы, зайырлы деген сөздің мазмұны терең, өте ауқымды.
Халқымызға қатысты айтатын болсақ, бұл - салауатты өмір салтын ұстану, прагматикалық көзқараста болу және дәстүрлі дінімізге, ұлттық сананы арқау еткен салтымызға шынайы құрмет деген сөз, - деді Президент.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер