29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Атап айтқанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төрт мыңға, соның ішінде қылмыс жеті мыңға азайған. Қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқық бұзушылықтар төмендеген. Сонымен қатар қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші жақсарған.
Мемлекет басшысына ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.
Министр «Заң және Тәртіп», құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары туралы айтты. Жыл басынан бері әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу көрсеткіші 45 пайызға ұлғайған, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар 30 пайызға, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау 47 пайызға артқан. Нәтижесінде жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген.
Бұдан бөлек, Президентке қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай туралы ақпарат берілді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек