Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерЖаңадан ашылған Абай және Ұлытау облыстарының әкімдері ҚР Президентінің Іс Басқармасына хат жазып, көлікпен қамтамасыз етуді және және автокөліктерді коммуналдық меншікке беруге көмектесуді сұрады, деп хабарлайды El.kz Басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ПІБ аймақ басшыларының өтініштерін қаперге алып, соның негізінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен және екі облыстың коммуналдық меншігіне мемлекеттік мүлікті қабылдау-беру актісімен 2008-2012 жылдары шыққан 13 Mercedes-Benz және Skoda автокөліктерін жіберді: Ұлытау облысына – 8 машина, Абай облысына – 5 машина.
ҚР ПІБ жаңадан ашылған облыстарды қосымша елімізде құрастырылған автокөліктерді беру арқылы қолдау мүмкіндігін қарастырып отырғанын айта кетейік.
Сондай-ақ, жуырда орталық атқарушы мемлекеттік органдардың басшылығына арналған немістің Mercedes Benz көліктерін біртіндеп Қазақстанда құрастырылған KIA көлігімен алмастыру жоспарланған.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?