30.06.2023
15:56
1485
Президент «Есірткі қылмысымен күрес» жобасына баға берді

Президент «Есірткі қылмысымен күрес» жобасына баға берді

Мемлекет басшысына «Есірткі қылмысымен күрес» жобасы таныстырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ескірті тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады.

Оқи отырыңыз:

Жалпы, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қазіргі кезде:

2300 ескірті сататын сайт бұғатталды;

1300 есірткі қылмысы әшкереленді;

6 мың тоннадан астам есірткі тәркіленді.