Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өтіп жатқан кеңесте білім мен сапалы медицина мәселесі де көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Себебі дені сау ұлт қана экономиканы реформалай алады. Сол үшін де ең алдымен тұрғындарға сапалы медицина қолжетімді болуы қажет. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты.
Ең алдымен, адамдарға сапалы медицина қолжетімді болуы қажет. Денсаулық сақтау жүйесінде шешімін таппаған мәселе өте көп. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі осы саланы дамытуға тың серпін береді деп үміттенеміз. Алайда бұл жүйедегі қаржы айналымына бақылау жасалмайды, - деді ол.
Қазір елімізде білім мәселесі де өзекті. Бұған PISA халықаралық зерттеуінің нәтижесі де дәлел. Ұйым мәліметінше, еліміз соңғы 10 жылда орта білім сапасы бойынша 80 елдің ішінде 50-60-орыннан көтерілген жоқ. Президент бұған білімді біржақты бағалауды кінәлап отыр.
Басты түйткілдің бірі – балалардың білімін біржақты бағалау. Елімізде білімнің сапасына емес, көрсеткіштің жоғары болуына баса мән беріледі. Оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуден алған бағасы мен мектептегі бағасы екі түрлі. Айырмашылық 30 пайыз немесе одан да көп болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай алшақтық халықаралық және ұлттық бағалау кезінде байқалады. Ашығын айтсақ, мұның бәрі жаппай белең алған көзбояушылықтың кесірінен болып отыр. Өзіңді өзің алдау жарға жығады, - деді Президент.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?