7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Президент медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңнаманы күшейтуді қолдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың жазуынша, Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырған.
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды. Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек. Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады, - деп жазды Руслан Желдібай.
Еске салсақ, бұған дейін 16 шілде күні жеке медициналық орталықта ер адам медбикеге шабуыл жасап, оны соққыға жыққан болатын. Жәбірленушінің екі саусағы сынған, миы шайқалып, шашы жұлынған, денесінде көптеген жарақат бар. Ал дәрігерді соққыға жығып, ауыр жарақаттаған пациент сот санкциясымен екі айға қамауға алынды
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?