23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенім грамоталарын Испания Корольдігінің елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Эстония Республикасының елшісі Яап Ора, Өзбекстан Республикасының елшісі Бахтиёр Ибрагимов, Судан Республикасының елшісі Мұхаммед әл-Газали Сиррадж, Руанда Республикасының елшісі Чарльз Кайонга, Доминикан Республикасының елшісі Алехандро Ариас Сарсуэла және Маврикий Республикасының елшісі Хесвар Джанке тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттар алдында сөз сөйледі.
Қазақстан сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік ұстанады және халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық кеңістіктегі орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынына нық сенімдіміз. Бұл бірегей ұйымды әрқашан қолдаймыз. Осы орайда сіздердің елдеріңізбен екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ көпжақты деңгейдегі байланыстарды дамытуға ниеттіміз. Қазақстан – қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біз экономикамыздың тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылып отырмыз. Әрине, бұл оңай емес. Оның табысты болуы көп жағдайда халықаралық ықпалдастыққа, соның ішінде сіздердің елдеріңізбен арадағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік