Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Ақорда» резиденциясында алты мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сенім грамоталарын Мысыр Араб Республикасының елшісі Ибтиссам Ракха Ахмед Хасан, Сербия Республикасының елшісі Владимир Йовичич, Люксембург Ұлы Герцогтігінің елшісі Томас Райзен, Австралия елшісі Джон Уильям Гиринг, Колумбия Республикасының елшісі Эктор Исидро Аренас Нейра, Сирия Араб Республикасының елшісі Башар Джафари тапсырды.
Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынына назар аударды.
Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, оларға өз міндеттерін атқару барысында Қазақстан Үкіметі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ Президент олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары