Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Корольдігінің Премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Мемлекет басшысы Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Бельгиямен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретінін айтты. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстанның ең ірі он инвесторының қатарына кіретініне назар аударды. Былтыр екіжақты тауар айналымы жарты миллиард долларға жуықтады.
Әңгімелесу барысында экономикалық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға зор әлеует бар екені атап өтілді. Әсіресе, аса маңызды минералдарды игеру, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, жасанды интеллект, қаржы, туризм және білім беру салаларындағы серіктестікке мүмкіндік мол.
Барт де Вевер екіжақты күн тәртібін талқылауға уақыт тапқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Король Филипптің ізгі тілегін жеткізді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер