Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясында сөйлеген сөзінде халықаралық тұрақтылықтың үш қағидатын атады, деп хабарлайды El.kz.
«77 жыл бұрын ББҰ-ның негізін қалаушылар ұйымның Жарғысында халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын бекітіп кеткен болатын. Ол нормаларды сол кезден бері табысты қолданып келдік. Бүгінде осынау дүниежүзілік ұйымның бастауында жатқан негіз түзуші қағидаттарға қайта оралудан маңызды ештеңе жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мемлекеттердің егемендігі оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты екенін еске салды.
«Біз «мемлекеттердің егемендік теңдігі», «мемлекеттердің аумақтық тұтастығы» және «мемлекеттердің бейбіт тіршілік етуі» дейтін үш аса маңызды қағидаттардың арасындағы байланысты қайта безбенге салуымыз керек. Бұл үш қағидат бір-біріне өзара тәуелді. Бір қағидатты құрметтеу – қалған екі қағидатты сақтау. Бір қағидатты бұзу – қалған екі қағидатты бұзу»,- деді Президент.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді