Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия Президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді. Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бразилиялық атақты футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары