Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына аталған орталықтың Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) талаптарына толық сай келетіні жөнінде мәлімет берілді. Спорт нысанында республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге, сондай-ақ еліміздің ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға болады.
Жалпы ауданы 3700 шаршы метрді құрайтын орталық жарыс кезінде 16, ал жаттығу кезінде 26 теннис үстелін қоюға есептелген.
Сонымен қатар мұнда 416 адамға арналған көрермендер трибунасы, жаттығу залы, медицина кабинеті, бапкерлер мен төрешілер бөлмесі бар.
Әрбір облыс орталығында үстел теннисіне арналған залдар болуы керек. Халық спортпен шұғылдануы қажет, – деді Президент.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?