Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысы Шахмат үйіне барды. Қопа көлінің жағасында орналасқан ғимарат бұрын президент резиденциясы болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен аталған нысан балалардың игілігіне беріліп, былтыр желтоқсан айында Шахмат үйі ретінде есігін айқара ашты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгінде арнаулы орталықта оқу-жаттығу жиындары, гроссмейстерлердің шеберлік сағаттары ұйымдастырылып тұрады. Спортшылар беделді бәсекелер алдында осы жерде дайындығын пысықтайды.
Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турловтың айтуынша, көрікті табиғат аясындағы бірегей кешенде спортшылардың өз шеберлігін алаңсыз шыңдауына қолайлы жағдай жасалған. Соңғы жылдары шахмат «медаль көп әкелетін» спорт түріне айналды. Былтыр отандық спортшылар халықаралық жарыстардан 160 медаль жеңіп алған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшылармен және ұлттық құрама мүшелерімен әңгімелесу барысында мемлекет шахматты дамытуға, сондай-ақ балалар мен жастар арасында насихаттауға ерекше мән беретінін атап өтті. Президент аталған ойын стратегиялық тұрғыдан ойлауға машықтандыратынын, тәртіпті күшейтіп, төзімділік пен жауапкершілікке үйрететінін айтты.
Бұдан кейін мемлекет басшысы жас шахматшылармен суретке түсіп, шахмат тақтасына естелік жазба қалдырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары