28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекет басшысы Abu Dhabi Ports Group компаниясының бас директоры Мұхаммед әл-Шамисимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында көлік және логистика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды.
Президент Abu Dhabi Ports Group компаниясының Каспий теңізіндегі теңіз және порт инфрақұрылымын дамытып, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде келісімге қол қою жоспарын құптады.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі толыққанды көлік хабына айналуға ниетті екенін және көлік бағыттарын әртараптандыру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін белсенді дамытып келеді.
Мұхаммед әл-Шамиси кездескені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақстандық компаниялармен ынтымақтастық орнату жоспары туралы айтты. Abu Dhabi Ports компаниясы Каспий теңізі мен жалпы өңірдің көлік-логистика саласында өзара тиімді серіктестік орнатып, түрлі теңіз қызметі мен шешімдер ұсынуды көздеп отыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?