1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіПрезидент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.
Павлодар облысындағы «Галицкое» ЖШС директоры А.Касицин «Отан» орденімен марапатталды.
«Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы К.Исаев, Қазақстан журналистикасының ардагері С.Харченко І дәрежелі «Барыс» орденімен; «Ақтоғай» су электр стансасының директоры Т.Баймолдаев, Ұлттық ғылым академиясының академигі О.Сәбден, еңбек ардагері Е.Тәжиев, «Алматы әуендері» концерттік оркестрінің бас дирижері М.Серкебаев және басқалар ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен; К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары А.Алматов пен Н.Измаилов, «Ақсайгазсервис» АҚ холдингі компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Т.Шектебаев, ақын Ә.Беркенова және басқалар ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?