22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБұл күндері Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан President’s Cup - Asian Region халықаралық жарысы өтіп жатыр. Алғашқы жарыс күнін қазақстандық таеквондошылар қос қола жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық таеквондо федерациясының мәліметінше, ел қоржынына екінші қоланы 53 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Азиза Қаражанова салды.
Азиза жарыс барысында барлығы төрт кездесу өткізіп, оның үшеуін жеңіспен аяқтады. Ол алғашқы айналымда-ақ Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Цин Гоны (Қытай) жарыс жолынан шығарды. Екінші кездесуде тайпейлік По Я Судан басып түсіп, ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері Цзо Цзюйді (Қытай) ығыстырды. Финалдық жолдаманы сарапқа саларда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Мобина Нематзадеге (Иран) есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Осылайша, President’s Cup - Asian Region жарысын үшінші орынмен аяқтаған Азиза Қазақстанға 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына қосымша жолдаманы сыйға тартты.
Айта кетерлігі, бұл - Қазақстанның President’s Cup - Asian Region жарысындағы екінші қоласы. Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали да қола жүлдегер атанған болатын.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев