7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Үкімет отырысында Премьер-Министр шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шараларына назар аударды, деп хабарлайды El.kz
«Тағы бір маңызды мәселе — суға түсу, шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары. Жауапты органдар бейбіт күнде азаматтарымыздың өзен-суға батып жатқанына қарап отырмауы керек. Қазір шомылу маусымының қызған шағы. 1 маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы балалар. Былтырғы жылмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42%-ке қысқарған. Сонда да бұл көрсеткіш өте жоғары деп санаймын», - деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Үкімет басшысы құзырлы органдарға қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
«Су қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараны қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет», - деді Үкімет басшысы.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?