Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Машина жасаушылар одағының басшысы 2022 жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге арналған саланың дамуы туралы баяндады.
Атап айтқанда, өткен жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3,1 трлн теңгені құрады (НКИ өсімі – 9,4%), ал оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 15%-ға жетті. Осы орайда сала өнімінің экспорты 53%-ға өсіп, $2,3 млрд болды.
Кездесу барысында отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, қосарлы білім беруді қолдау, инвестициялар тарту, технологиялар трансферті, жаңа жобалар құру және машина жасау саласын одан әрі дамытудың негізгі мәселелері талқыланды.
Мұндағы өндірістің өсу қарқынын оң бағалаған Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында машина жасау саласын дамытудың жаңа Кешенді жоспарында барлық түйінді мәселелер мен негізгі міндеттер көрініс табатынын атап өтті.
Өз кезегінде Мейрам Пішембаев Машина жасаушылар одағы Үкіметпен тығыз байланыста Кешенді жоспарды әзірлеуге өз үлесін қосуға дайын екенін білдірді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?