Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстанның Чехиядағы Елшілігіннің қызметкерлері Прагадағы Ольшан зиратында гүл шоқтарын қойды. Мұнда Қызыл әскердің өзге жауынгерлерімен бірге қазақ сарбаздары да жерленген, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Еске алу шарасы барысында дипломаттар Праганы азат ету кезінде қаза тапқан қазақ батырларының рухына тағзым етті. Ольшан зиратында Кеңес Одағының Батыры старшина Мәжіт Жүнісов, кіші сержант Талғат Зайнуллин, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Мұстафа Сапарбаев, Жолдас Әжімов, Байжан Нұржанов, Қайырғалиев Сайнулла және Зийнил Козин жерленген.
Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның орасан зор үлесін атап өтіп, аға буын ерліктерінің мәңгілік жадымызда қалуы тиіс екенін атап өтті.
Ұлы Жеңіске қол жеткізуге себепкер болған қаһармандарды есте сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізу – біздің қасиетті парызымыз, – деді дипломат.
Тағзым ету шарасы барысында Мәжіт Жүнісовтің қабірінің басында қазақ сарбаздарына арналып дұға оқылды.
Іс-шараға сондай-ақ Чехия Қорғаныс министрлігі жанындағы ардагерлер ұйымының төрағасы Мартин Жоур мен Миловице – A.R.Mi қауымдастығының президенті, отставкадағы полковник Светозар Плесник қатысты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары