7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Италиялық Prada сән үйі америкалық Capri Holdings компаниясынан Versace брендін сатып алу процесінің сәтті аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сән әлемін дүр сілкіндірген мәмілені жүзеге асыру үшін, барлық реттеуші органдардан қажетті рұқсаттар алынған. Сатып алу құны шамамен 1,4 млрд долларды құрады.
Capri Holdings компаниясының Versace брендіне иелік етуден бас тартуы жайлы ақпарат 2025 жылдың қаңтарында тараған еді. Америкалық холдинг 2018 жылы Versace-ді 2 млрд долларға сатып алған, алайда люкс сегментіндегі нарықтың баяулауына байланысты күткен нәтижеге қол жеткізе алмаған. Осы себепті активті сату туралы шешім қабылданып, жылдың басында бірнеше әлеуетті сатып алушымен келіссөз жүргізу үшін кеңесшілер жалданған. Сол сатып алушылардың қатарында Prada да болды.
Сәуір айында Prada және Capri Holdings мәміле шарттары бойынша келісімге келіп, активті сатып алу жоспарын жариялаған болатын. Алдын ала бағалауларға сәйкес, Versace Prada компаниясының жалпы кірісінің шамамен 13% қамтамасыз етуі мүмкін. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Prada Group табысы 5,4 млрд еуроға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 17%-ға артқан.
Versace брендін сатып алу үшін әлемнің 19 елінен, 863 өтініш келіп түскен.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?