Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазақстан темір жолы» компаниясы жолаушылар пойыздарында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жолаушылардан тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақытылы жинамауына шағымдар жиі түскен. Осыған байланысты жеке тексеріс жүргізілді.
Тексеру компанияның Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанай және т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті, - делінген ҚТЖ хабарламасында.
Компанияның мәліметінше, заң бұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі мен құжаттарды бұрмалау бар.
Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралатынын хабарлады компания.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?