10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандықтар пойыздардан тарақан көріп, көп шағымдана бастаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жақын күндері Алматыдан Қостанайға жолға шыққан жолаушы өз купесінен тарақан көріп, суретке түсіріп алыпты. Осыған қатысты ҚТЖ баспасөз қызметі жауап берді.
Елімізде ұлттық тасымалдаушылармен қоса, жеке тасымалдаушылар да бар. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитариялық ережелерге сәйкес рейске шығар алдында әр вагон дезинфекцияланады. Пойыздарда санитариялық тазалауды жүргізу үшін бейінді компаниялар тартылады, - деп атап өтті компания.
Дезинфекциядан кейін жәндіктер шықса қайта тазартудан өткізіледі.
Пойыздарды өңдеу үшін жолаушылардың денсаулығына қауіп төндірмейтін құралдар қолданылады, - дейді ҚТЖ.
Баспасөз қызметі өкілдері вагондар 6-8 сағатқа жабылып, содан кейін рейске жіберілетінін мәлімдеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді