Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікОсыдан бір жыл бұрын, №352 «Алматы – Өскемен» пойызында сәбиін дүниеге әкелген жолаушы Алғыс айту күніне орай елордаға күйеуімен бірге арнайы келіп, сол қиын сәтте көмек көрсеткен жолсерік Бағдагүл Әбдәқұловамен қайта жүздесіп, шынайы ризашылығын білдірді. Сол мезетте жолсерік Бағдагүл ханым жедел көмек көрсетіп, сәбиді аман-есен босандырып алып, жаңа туған нәрестенің кіндігін кескен деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жолаушының толғағы Екаша-Айыртау станцияларының арасында басталды. Мұндай күрделі жағдайда жолсерік жедел әрекет етіп, босануға қажетті барлық көмекті дер уағында ұйымдастырды. Соның нәтижесінде, сағат 13:30-да сәби дүниеге келді.
Бағдагүл Әбдәқұлова теміржол саласында 37 жыл табанды еңбек етіп, дәл осындай ерекше жағдайға алғаш рет кезікті. Наурызда жолсерік зейнеткерлікке шығуды жоспарлап отыр. Дегенмен, оның есімі өз ісін адал атқарып қана қоймай, жоғары жауапкершілік, кәсібилік және терең адамгершілік танытқан жан ретінде жастарға үлге болып қалары анық.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында бүгінге дейін 14 сәби дүниеге келген.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді