Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағанды көлік прокуратурасы «Қарағанды-Сұрыптау–Сарыбел» аралығында жолаушылар пойызында орын алған қайғылы оқиға бойынша сот тергеуін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың 20 сәуірінде пойыз жолаушыларының бірі толғағы келіп, вагонның санитарлық бөлмесінде босанған. Босану медициналық мекемеден тыс және тиісті көмек көрсетілмей жүзеге асқан.
Тергеу барысында анықталғандай, психикалық аурумен есепте тұрған әйел ауруының асқыну кезеңінде жаңа туған нәрестені санитарлық шұңқырға тастап жіберген. Сәби теміржол рельстеріне құлап, қайтыс болған.
Қарағанды облысының Осакаров аудандық соты әйелді қылмыстық іс-әрекет жасаған сәтінде есі дұрыс емес деп танып, оны арнайы медициналық мекемеде мәжбүрлеп емдеу туралы қаулы шығарды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ,-делінген мәліметте.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек