23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қарағанды базарларының бірінде полицейлер пойызда бірнеше рет жолаушылардың жеке заттарын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті ер адам Көкшетау – Қызылорда пойызында Астанадан Қарағандыға бара жатқан жолда жолаушылардың ұйықтап жатқан сәттерін пайдаланып, үш телефон мен жеке заттары салынған сөмкені ұрлап үлгерген. Сол күні түстен кейін күдіктіні полиция дереу ұстады, оның қолында ұрланған телефондар мен сөмке болған. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі жол бойында азаматтардың мүлкі мен тыныштығын сақтайтын қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Егер пойызда кез келген заң бұзушылыққа тап болсаңыз, бірден жолсерікке және полицияға хабар беріңіз, - делінген хабарламада.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік