23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШри-Ланкада пойыз қозғалысы кезінде селфиге түсуге тырысқан ресейлік турист Ольга Перминова қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
53 жастағы әйел Азиядағы ең әдемі теміржол бағыттарының бірінде саяхаттауды армандаған.
Ольга Перминова Бадулла станциясына дейін жетіп, Коломбо Форт бағытына қарай жүретін пойызға отырған. Қайғылы оқиға пойыз Элла қаласына жақындағанда орын алды. Бұл аймақ әйгілі 9 аркалы көпірімен танымал.
Сапар барысында турист пойыз вагонынан сыртқа шығып, селфи жасауға тырысқан. Өкінішке қарай, ол жақын маңдағы үлкен тасты байқамай, басымен соғылып, пойыздан құлап кеткен.
Турист ауыр бас жарақаттарымен шұғыл түрде Бадулла қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенімен, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады