25.11.2022
01:16
1450
Португалия Гананы жеңді

Португалия Гананы жеңді

Футболдан әлем чемпионатында Португалия мен Гана құрамаларының ойынында португиялықтар жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz.

Ойын күнінің үшінші матчындағы бірінші допты Криштиану Роналду соқты. Бұл жолы да Роналду үздік ойыншы ретінде көзге түсті.

Гана тарапынан капитан Андре Айю командасына алғашқы голды сыйлады.

Бәсекелі ойын 89-шы минутта португалиялықтарға жеңіс әкелді.

Айта кетерлігі, Н тобында Португалия үш ұпаймен көш басында тұр.

Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Уругвай ойынында футболшылар антирекорд орнатқан болатын.