28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПольшадағы Бохня қаласының маңындағы орманда қазына іздеушілер тобы 600-ге жуық алтын және күміс монета тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Heritage Daily дерегінше, әуесқойлар металлоизатордың көмегімен керамикалық құмыраға жасырылған қазынаға кезіккен. Оның ішінде 592 күміс Ягеллон динарийі, 26 жартылай грош және Сигизмунд Люксембургский дәуіріне тиесілі төрт алтын дукат болған. Барлық олжа аймақтық мәдени мұраны қорғау басқармасына тапсырылды.
Краковтағы AGH университетінің мамандары ыдыс пен оның ішін сақтап қалу үшін арнайы микроқазба жұмыстарын жүргізді. Сарапшылардың пайымынша, бұл қазына ортағасырлық саудагерге тиесілі болуы мүмкін және саяси тұрақсыздық кезеңінде жасырылған. Табылған қазына Бохня қаласының орта ғасырда ірі сауда орталығы болғанын дәлелдейді.
Монеталар қалпына келтірілген соң, олар Станислав Фишер мұражайында тұрақты көрмеге қойылады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?