Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПольшада Dimash радиосы Наурыз мерекесіне арналған арнайы мерекелік хабар дайындады. Бағдарламада қазақтың халық әндері мен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы танымал әуендер орындалып, тыңдармандар құттықтау жолдайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш сағатқа созылатын эфирде жүргізушілер Наурыз мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы әңгімелейді. Іс-шараға Димаштың поляк жанкүйерлері, Қазақстаннан келген қонақтар шақырылды. Ұйымдастырушылар тыңдарман қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлайтынына сенімді.
Польшада Димаш радиосы ресми түрде 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Бірегей жобаны өнер жұлдызының жергілікті жанкүйерлері жүзеге асырған.
Бұл біз үшін ерекше күн. Сондықтан арнайы хабар дайындап жатырмыз. Осы арқылы тыңдармандар сіздердің мәдениеттеріңіз бен Қазақстанда Наурыз мейрамы қалай тойланатыны жайлы көбірек біле алатын болады. Баршаңызды Димаш радиосын тыңдауға шақырамыз. Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздерге мол бақыт, бейбітшілік пен береке әкелсін, - дейді Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы» қауымдастығының президенті Тереса Конкол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары