23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін елордалық үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 ақпан күні Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама келіп түсті. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын хабарлады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды.
Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, - делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік