23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда жылына полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100-ге жуық өтініш келіп түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – еліміздің отбасылық-демографиялық саясатының өзекті мәселесі. Зорлық-зомбылықтың өсуі – қоғам мен жеке адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
– Бұл салада проблемалар бар екенін мойындауымыз керек. Қазір қоғам өзгерді. Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілерді ашық айтатын болды. Нәтижесінде соңғы бес жылда мұндай фактілер бойынша өтініштер саны 3 есеге өсті. Сонымен бірге, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Онсыз қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері “үй тирандарын” жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде жазасыздық жүгенсіздікке әкеліп соғады. Қол жұмсау әдетке айналды десек те болады. Демек, одан да ауыр зардаптар туып, салдарынан отбасы-тұрмыстық салада ауыр қылмыстар орын алып жатыр. Мысалы, биылғы жылдың өзінде тұрмыстық жанжалда 18 кісі өлтіру жасалды, – деп хабарлады ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады