6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстан Республикасының заңнамасында пара алумен қатар пара бергені үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау үшін жол полициясы қызметкерлеріне пара беруге оқталған 7 жүргізуші сотталды.
Полиция қызметкерлерінің осындай әрекеттер заңсыз екендігі және оған қылмыстық жауапкершілік көзделгендігі туралы ескертуіне қарамастан, пара берушілердің заңсыз әрекеттері тоқтаған жоқ, - делінген Астана қалалық прокуратура мәліметінде.
Қылмыстық кодекстің 367-бабының санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі