Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТаразда полицейлерден қашпақ болған BMW автокөлігінің мас жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқиға түнгі уақытта болған. Патрульдік полиция қызметкерлері қала көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған BMW маркалы көлікті байқап, тоқтату туралы заңды талап қойған. Алайда жүргізуші полицияның талабына бағынбай, оқиға орнынан қашуға тырысқан.
Құқық қорғау органдары дереу шара қолданып, көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған. Тексеру кезінде ер адамның мас күйде болғаны анықталды.
ІІМ хабарламасында атап өтілгендей, оның әрекеті жол-көлік оқиғасына, тіпті адам шығынына да әкелуі мүмкін еді. Алайда полицейлердің жедел әрекеті мен кәсіби дайындығының арқасында ауыр зардаптың алдын алу мүмкін болды.
Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды: ол көлікті мас күйінде басқарғаны, полиция талабына бағынбағаны және қарсы жолаққа шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал BMW көлігі айып тұрағына жеткізілді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары