Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПолиция елордалық жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Астана қаласында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол апаттарының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескертеді, - деп жазылған хабарламада.
Полиция жолға шығар алдында көлік жүргізушілеріне ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін және көлік арасындағы қашықтықты қатаң сақтауды ұсынды.
Сонымен қатар Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, автокөліктер қысқы шиналармен жабдықталуға тиіс.
Астанада ауа температурасы әдетте ерте төмендейтінін ескерсек, шиналарды желтоқсан айына дейін ауыстырып үлгеру маңызды. Осыған байланысты полиция көлік иелерін қысқы маусымға алдын ала дайындалуды және барлық қажетті қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырады, - деп атап өтті полиция.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова