Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы қалалық департаментінің баспасөз қызметі мегаполисте жаңа жыл түні қалай өткенін баяндады. Ведомствоның мәліметінше, мереке елеулі қылмыстар мен құрбандарсыз өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа жыл қарсаңында Алматы полициясы күшейтілген қызмет көрсету режиміне ауыстырылды.
Патрульдік нарядтардың саны көбейтілді, қызмет көрсету маршруттары көбейіп, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жаяу патрульдеуге тартылды. Азаматтардың жаппай жиналатын орындары мен мәдени-көркемдік шаралар өткізілетін орындар ерекше бақылауға алынды. Жалпы жаңа жыл түні қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үш мыңнан астам полицей жұмылдырылды, - деп хабарлады полиция.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Алматыда салыстырмалы түрде тыныш өтті.
Өткен тәулікте мегаполисте үш мүліктік қылмыс жасалды. Олар патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан ізін суытпай ашылды. Сондай-ақ қала жолдарында бес мас жүргізуші ұсталып, көлік басқарудан шеттетілді, - деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек