Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлорда полициясы түнгі клубтардың бірінде болған кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті «ізін суытпай» қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство төбелес басталған кезде полицейлер клубтың ішінде болмағанын, ең жақын патруль жасақтары тек аумақтың тыныштығын қамтамасыз етіп жүргенін атап өтті. Олар оқиға орнына шақыру бойынша келген.
Полиция қызметкерлері келген кезде адамдардың көп жиналуы мен орын алған дүрбелеңге байланысты ауыр жараланғандардың бар-жоғын бірден анықтау мүмкін болмады. Дегенмен барлық қажетті шаралар қабылданды: қақтығыстың өршуіне жол берілмеді, жедел жәрдем шақырылып, оқиға орнын анықтау жұмыстары ұйымдастырылды,-делінген полиция мәліметінде.
Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаға қатысқандардың барлығының іс-әрекеттеріне, оның ішінде басқа адамдардың қатыстылығына да жан-жақты құқықтық баға берілетін болады. Сондай-ақ қылмыс құралының ішке әкелінуі мен қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты мекеме әкімшілігі мен иелеріне қатысты тексеру жүргізілуде.
Полиция қоғамды асығыс пікір білдірмеуге және тексерілмеген ақпарат таратпауға шақырады. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық істің барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары