30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӨзбекстанның Ташкент облысына қарасты Шыназ ауданында жергілікті билік күтіп ұсталмаған үйлер мен аумақтарды «Ұятты үй» және «Ұятты махалла» деген жазуы бар тақтайшалармен белгілеуді ұсынды.
Бастама елдің 1 қыркүйекте атап өтілетін Тәуелсіздік күніне дайындық аясында көтерілген.Бұл туралы Gazeta.uz басылымы хабарлады.
Аудан әкімі Шерзод Салиховтың тапсырмасына сәйкес, жауапты тұлғалар алдымен махалла төрағаларының үйлерін аралап, қақпасының сырланғанын, үйдің қабырғасының ағартылғанын, аулаға гүл немесе райхан егілгенін және жалпы аумақтың күтімін тексеруі тиіс. Әр үй бойынша төрт фотосуреттен тұратын есеп дайындалып, әкімдікке жолданады.
Егер талаптар орындалмаса, үйге «Ұятты үй» деген, ал тазалығы талапқа сай келмейтін елді мекенге «Ұятты махалла» деген плакат ілінуі мүмкін.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, тексерулер барысында махалла өкілдері полиция қызметкерлерімен бірге тұрғындардың үйлеріне барып, аулалар мен үй маңын қарайды. Кейбір жағдайларда тұрғын үйлердің ішіне кіріп, асүйді, тіпті тоңазытқышты да тексергені туралы ақпарат тарады. Тұрғындарға үйі мен ауласын ретке келтіру талап етіліп, талап орындалмаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін екені ескертілген.
Бұл тәжірибе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Көптеген қолданушы мұндай әрекеттерді сынға алып, жеке меншікке қол сұғуға болмайтынын және тұрғындарды үйінің күтімі үшін көпшілік алдында масқаралау заңға қайшы екенін жазуда.
Қоғамдық қысым шынымен нәтиже бере ме?
Психологиядағы зерттеулерге сәйкес, адамдардың мінез-құлқына әлеуметтік қысым белгілі бір деңгейде әсер етеді. Алайда бұл әсер көбіне қысқа мерзімді болады.
Америкалық психолог Роберт Чалдинидің әлеуметтік ықпал теориясында адамдар айналасындағылардың әрекетіне қарап шешім қабылдайтыны айтылады. Бірақ адамды көпшілік алдында масқаралау оның жауапкершілігін емес, керісінше қарсылығын күшейтуі мүмкін.
Психологтар мұны «психологиялық реактивтілік» деп атайды. Яғни адам өзін мәжбүрлеген сайын еркіндігін қорғауға тырысады.
Әлеуметтанушылар қоғамда адамдардың мінез-құлқын реттеудің екі негізгі жолын атайды:
Жапония, Оңтүстік Корея сияқты кейбір Азия елдерінде қоғамдық пікірдің ықпалы өте күшті. Дегенмен мұндай елдердің өзінде мемлекеттік органдар тұрғындардың үйлеріне «ұят» деген жазуы бар тақтайша ілу тәжірибесін қолданбайды.
Басқа елдер қалай шешеді?
Көптеген мемлекеттер тұрғындарды ауласын күтіп ұстауға мәжбүрлеудің орнына басқа тәсілдерді қолданады.
Мысалы:
Мұндай тәсілдер адамдардың өз еркімен қатысуына мүмкіндік береді және қоғамдық сенімді сақтайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды