28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПолиция самокат және мопед жүргізушілерін жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Соңғы жылдары қала көшелерінде самокаттар, мопедтер мен скутерлер сияқты көлік құралдарының түрі көбейді. Бұл көлік түрлерін пайдаланушылар да жол жүрісіне қатысушылар болып саналады. Сондықтан олардың жол қозғалысы ережелерін сақтауы полицияның ерекше назарында.
Жыл басынан бері жолдағы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 22 мыңнан астам мопед жүргізушісі жауапқа тартылды. Олардың көпшілігі Алматы қаласында. Мопедтердің қатысуымен 436 жол апаты болды.
Кейбір самокат жүргізушілері де өздерінің ұқыпсыздығымен жолда қиындықтар тудырып жатады. 2024 жылы электрлі самокат тізгіндегендер 10 мыңға жуық құқық бұзушылыққа жол берген. Олардың қатысуымен 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның бесеуі самокат жүргізушілерінің кесірінен болған.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу және жолын кесу үшін тәртіп сақшылары халық арасында үнемі профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер министрлігі осы көлік құралдарын пайдаланушыларды жолда сақ болуға, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?