Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАбай облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында есірткі құралдарын жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Telegram арнасын пайдалану арқылы астыртын бизнес ұйымдастырған үш адам ұсталған.
Ақпан айының басында сотқа дейінгі тергеу барысында полиция жеткізілім көзін анықтап, Алматы облысында марихуана өсіру бойынша фитолабораторияның қызметін тоқтатты. 31 жастағы күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полиция қызметкерлері бөлмедегі пластикалық шелектердегі үш құмыра қарасораны, сондай-ақ қажетті құрылғыларды тауып, тәркіледі: шамдар, жылытқыштар, желдету жүйесі және термометрлер.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тінту кезінде алынған өсімдік қарасора тұқымдасының өсімдігі, заттың жалпы салмағы 2,5 келіден асты.
Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз дайындау, ірі мөлшерде сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Химиялық сараптама тағайындалды, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс