23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШымкентте полиция қызметкерін көлік капотында сүйреп кеткен тұрғын сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қала тұрғыны У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 5-бөлігі бойынша — «Билік өкіліне қызметтік міндетін атқару барысында денсаулығына қауіпті күш қолдану» бабы бойынша айып тағылды.
Оқиға 2024 жылдың 2 қаңтарында болған. У. өзінің автокөлігімен Шымкент қаласындағы Әйтеке би көшесімен келе жатқанда, оны полиция инспекторы Б. тоқтатады. Себебі жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан жүріп кеткен. Полицей әкімшілік хаттама толтыратынын ескерткен соң, У. автокөлігіне мініп кетуге тырысады. Сол сәтте инспектор Б. көліктің алдына тұрып, жолын бөгемек болған. Алайда жүргізуші көлікті қозғалтқан кезде, полиция қызметкері капоттың үстіне жабысып қалған күйі біраз жерге дейін сүйретілген.
Сотталушының кінәсі тергеу материалдары арқылы толық дәлелденді. Прокурор оған бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші де заңға сай жаза тағайындауды талап етті, ал сотталушы өз әрекетіне өкініп, жеңіл жаза сұрады.
Сот жазаны анықтау барысында айыпталушының екі жасөспірім баласы барын және жасаған ісіне шын өкінетінін жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды. Ал оның есірткілік мас күйде қылмыс жасағаны ауырлататын мән-жай деп танылды.
Нәтижесінде, сот У.-ды ҚК-нің 380-бабы 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады