Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕртең, 30 қыркүйекте Алматыда УЕФА аясында «Қайрат» пен мадридтік «Реал» командалары арасындағы халықаралық футбол матчы өтеді. Осыған байланысты полиция жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл оқиға қала үшін үлкен спорт мерекесіне айналып, қауіпсіздікке айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Қала әкімдігінің мәліметінше, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылады. Негізгі міндет – жанкүйер мен ойыншының қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ жол қозғалысын реттеу. Полиция матч күні көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізіледі, тұрғындар мен қала қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Команданы қолдаңыздар, бірақ мәдениетті түрде. Қаламызды таза ұстайық, бір-бірімізге және қонақтарға құрметпен қарайық. Сол арқылы Алматы мен бүкіл еліміздің имиджіне үлес қосамыз, — деді Алматы полиция департаментінің өкілдері.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер