Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағына ірі көлемде есірткі жеткізушінің ісіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмолалық жедел уәкілдер елордада ұстау кезінде заңсыз айналымнан 34 келіге жуық марихуана тәркіледі. Бұл — қара нарықтағы құны 34 млн теңгені құрайтын 7 мыңға жуық дозаға тең. Сонымен қатар құны 5 млн теңге болатын 500-ден астам дозаға тең 2 келіден астам гашиш табылды.
54 жастағы ер адам есірткіні тек өзінің үйінде ғана емес, жалға алынған жертөледе де сақтаған. Мұнда полиция қызметкерлері есірткі заттарын орауға арналған құрылғыларды тәркіледі.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?