28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖеліде балалар өзінің топтасын аяусыз ұрып-соғып жатқаны видео тарады. Зардап шеккен баланың ата-анасының сөзіне қарағанда, 2024 жылғы 21 ақпанда болған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының білім басқармасы бұл оқиға №51 бөбекжай-балабақшасында болғанын мәлімдеді.
Олардың айуытнша, тәрбиеші осы сәтте балаларға түскі ас алған басқа бөлмеде болған. Сондықтан балабақша тәрбиеленушілерінің мінез-құлқын бақылай алмаған.
Үш жасар баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді.
Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиешіге қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бақылауды әлсіреткені үшін балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балабақшалардың бірінде баланы аяусыз ұрған видео таралғанын хабарлаған едік.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?