Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры“Stop-трафик” операциясының кезекті кезеңінде полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 20-дан астам притонды анықтады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қыркүйек айында өткен кең ауқымды “Stop-трафик” операциясы барысында полиция қызметкерлері адам саудасына байланысты 20-дан астам қылмысты анықтады. Оның ішінде біреуі қанау мақсатында адамды ұрлау фактісі бойынша, адам саудасы бойынша – 3, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі – 4, оның ішінде 2 кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту фактісі бар, кәмелетке толмағандарды сатудың 5 дерегі тіркелді. Жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 28 фактісі анықталды.
Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық және интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Шымкент қаласының ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?